28 ақпан 2014 | 14:47

БҚО мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтуда соңғы орында

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушыларына берілетін ыстық тамақ құны орта есеппен қалаларда 107, ал аудандарда 150 теңгеден аспай отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық білім басқармасы берген мәліметке жүгіне отырып. Бұл баға 2010 жылы белгіленген. Ал республикадағы қазіргі көрсеткіш – 250 теңге. Соңғы үш жылда азық-түлік бағасының еселеп өскендігін ескерсек бұл сомманы жеткілікті деп айта алмаймыз. Сондықтан Батыс Қазақстан бұл көрсеткішпен тізімде соңғы төрт облыстың қатарына еніпті. "Мектептердегі ас мәзірі екі аптаға алдын ала дайындалуы керек. Өкінішке қарай бұл жерде де былық көп. Мысалы, мәзірде көрсетілген тағамның орнына қазанда басқа тамақ қайнап жататыны жасырын емес. Және малдың еті өте аз қолданылып, оның орнын құстың еті басқан. Көп мектептер ыстық тамақпен 100 пайыз қамтыдық деп есеп береді. Тексеріп қарасақ, ол тәтті бөлкемен берілетін шай ғана. Тағамның бұл түрі буфеттік деп аталады, ыстық тамаққа мүлде қатысы жоқ. Содан кейін асханада дәрі салынған қорапша міндетті түрде тұруы тиіс. Кей білім ошақтарында ас мәзіріне жауапты қылып әлеуметтік қызметкерді бекіте салады. Ол да дұрыс емес. Баланың саулығы ішетін асына байланысты болғандықтан оның мүлтіксіз сақталуын мектеп директорының орынбасары қадағалауы керек", - деді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық қызметі департаментінің бөлім басшысы Құрманай Жұмағалиева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети