01 қаңтар 2015 20:54

Британ кәсіпкері обырды үздік өлім деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ричард Смит.  ©blogs.bmg.com Ричард Смит. ©blogs.bmg.com

Британ медициналық журналының бұрынғы редакторы және смартфондарға қосымшалар шығаратын Patients Know Best фирмасының директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Смит обыр кеселін өзге дерттермен салыстырғанда үздік өлім деп санайды, - деп хабарлайды The Daily Mirror. Ол мұның себебін мұндай аурудан өлер алдында адамның туыстарымен қоштасып, ісін соңына дейін жеткізе алатын мүмкіндігі болады деп түсіндірді.

Кәсіпкер өзінің бұл ойын Британ медициналық журналында жарияланған мақаласында айтты. Оның айтуынша, көп адамдардың тез арада қайтыс болатын өлімді дұрыс деп санағанына қарамастан, мұндай өлімнің туыстарына ауыр тиеді. "Ұзақ әрі көпке созылатын өлім ең ауыр өлім болуы мүмкін, себебі адамды көп уақыт бойы тазалайды. Ағза мүшелерінің жұмыс істемеуінен өлу науқасты ауруханада көп уақыт бойы болуға мәжбүрлейді және ол көп барлық уақытын дәрігерлердің қасында өткізеді. Сондықтан үздік өлім - обырдан өлу. Қоштаса аласыз, өмір сүрген жылдарды бағамдап, соңғы хабарлама жазып, сүйікті жерлерге соңғы рет барып, жақсы көретін поэмаларды оқи аласыз, өлімге өз ойыңызша дайындала аласыз", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, маман бұл дерттің еміне қыруар қаржы жұмсамауға шақырды. "Сенімі мол онкологтардан аулақ болыңыз. Миллиардтаған қаржыны обырдың еміне жұмсағанша, бұл ақшаны одан да ауыр өлімдердің алдын алуға берейік", - деп жазды өз мақаласында Смит.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети