06 тамыз 2022 17:59

Дәрігер жеміс арқылы берілетін қауіпті инфекциялар туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеміс арқылы адам бактерия жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Жеміс арқылы адам бактерия жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Болибоктың айтуынша, жемістер мен көкөністер піскен кезде асқазан-ішек жолдарына шағымданғандар саны артады. Ол сальмонелла, дизентерия және энтеропатоген E. coli сияқты кейбір инфекциялар жемістер арқылы ағзаға мүмкін екенін түсіндірді.

Маманның сөзінше, бұл жемістер дұрыс жуылмаған жағдайда пайда болуы мүмкін.

"Сатушылар жемісті сатпас лас сумен жууы да мүмкін. Осылайша, бактериялар азық-түлікке түседі, ал мұқият жумаған жағдайда бұл асқазан жұмысының бұзылуына әкеп соғады", - дейді Владимир Болибок.

Сонымен қатар, адам жеке гигиена ережелерін сақтамаса, лас қолдарымен жеміс жесе, инфекция ағзаға енуі мүмкін. Болибок асқазан-ішек жолдары жұмысы бұзылмауы үшін қолды мұқият жуу керегін ескертіп, үйге әкелген соң жемістерді де әбден тазалап жууға кеңес берді. Ол инфекция бұрыннан болса, көбірек сұйықтық ішу жөн екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети