01 қыркүйек 2020 09:27

Дәрігер қатерлі ісіктің 95 пайыз жағдайда қалай пайда болатынын түсіндірді

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Хирург-онколог Иван Карасев қатерлі ісіктің 95 пайыз жағдайда қалай пайда болатынын түсіндірді. Бұл туралы ол "МедикФорум" порталына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Хирург-онколог Иван Карасев қатерлі ісіктің 95 пайыз жағдайда қалай пайда болатынын түсіндірді. Бұл туралы ол "МедикФорум" порталына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 95 пайыз жағдайда қатерлі ісік созылмалы қабынудан пайда болады.

"Жасушалар бір-бірімен қабаттасқан кезде созылмалы қабыну пайда болады. Кейін олардың жұмысында ақау болып, салдарынан ісік пайда болады", - дейді ол.

Сондай-ақ, Иван Карасев қызыл ет, шұжық, ысталған ет және басқа да өңделген өнімдерді үнемі тұтыну қатерлі ісік ауруын тудыратынын атап өтті.

"Бұл өнімдер асқазанда қорытылған кезде тоқ ішекке әсер ететін қосалқы өт қышқылдары бөлінетіні анықталды", - дейді дәрігер.

Хирург-онколог бұл қышқылдар ішектің қабынуына әкелетін тітіркендіргіш болып саналатынын, салдарынан қатерлі ісіктің пайда болу қаупі едәуір артатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети