18 қаңтар 2021 11:20

Дәрігер коронавирус жұқтыру қаупін 250 пайызға арттыратын факторды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

М. В. Ломоносов атындағы ұйқы медицинасы орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Калинкин "Говорит Москва" радиостанциясының эфирінде коронавирус жұқтыру қаупін арттыратын факторды атады. Ол ұйқы жеткіліксіздігі бар адамдардың коронавирус жұқтырып алу ықтималдығы 250 пайызға жоғары екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұйқының жеткіліксіз болуы адамның иммундық жүйесіне кері әсер етеді.

"Ұйқы және иммунитет іс жүзінде синоним. Ұйқының азаюымен иммунитет күрт төмендейді және егер адам бес сағаттан аз ұйықтаса, ол адамда жеті сағаттан артық ұйықтайтындармен салыстырғанда кез келген вирустық инфекцияны жұқтыру ықтималдығы 250 пайыздан асады. Ұйқы өте маңызды, ол біздің иммунитетімізді қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді Калинкин.

Дәрігер ұйқының сапасын жақсарту үшін бір уақытта тұрып және бір уақытта жатуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети