11 желтоқсан 2020 15:06

Дәрігер масканың адам күтпеген қаупін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ресейлік дәрігер Денис Серов маска тағудың неге қауіпті екенін түсіндірді. Бұл туралы ол "Москва" агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік дәрігер Денис Серов маска тағудың неге қауіпті екенін түсіндірді. Бұл туралы ол "Москва" агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеулік дәрігер Денис Серовтың айтуынша, бетті тығыз жаппайтын маска құрғақ көз синдромын тудыруы мүмкін.

Маман маска тығыз орналаспағандықтан адам демалған кезде ауа жоғарыдан шығатынын, салдарынан көз қабықшасының буланатынын атап өтті.

"Бұл жағдай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Адамның көру қабілеті нашарлап, көздің қабығы зақымдануы ықтимал", - дейді дәрігер.

Ол бір рет пайдаланатын масканы 2-3 сағат тағу керегін ескертті.

Денис Серов көзге қатысты проблемалар туындаған жағдайда көз тамшысын пайдалануға, ал көру қабілеті нашарлаған кезде бірден дәрігерге баруға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети