27 ақпан 2015 | 11:21

Дәрілердің әсерінен балалардың қайтыс болуы туралы ақпараттарға түсініктеме берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ku8.ru ©ku8.ru

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі WhatsApp арқылы таралған медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін балалардың қайтыс болып жатқаны туралы хабарламаларға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі WhatsApp арқылы таралған медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін балалардың қайтыс болып жатқаны туралы хабарламаларға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұндай мазмұндағы хабарламалар 25 ақпаннан бері тарай бастаған. "WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы таратылған медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады. 2015 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), ацклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай мәлімет келіп түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдады. 

Еске сала кетейік, мұндай қауесеттердің тууына елімізде қызылшаға қарсы вакцинадан кейін еліміздің бірқатар аймағында адамдардың ауырып қалуы ықпал етуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети