26 ақпан 2015 12:29

Ақтауда екпеден соң ауырған балалардың ата-анасы нақты диагнозды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tumba.kz ©tumba.kz

Ақтауда қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін ауруханаға түскен оқушылар мен студенттердің ата-анасы балаларына нақты диагноз қоюды талап етті, - деп хабарлайды "Тумба.kz" порталы. Олар балалардың кейбірінің қайта-қайта қалшылдап, ұстамасы ұстап жатқанын айтып отыр.


Ақтауда қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін ауруханаға түскен оқушылар мен студенттердің ата-анасы балаларына нақты диагноз қоюды талап етті, - деп хабарлайды "Тумба.kz" порталы. Олар балалардың кейбірінің қайта-қайта қалшылдап, ұстамасы ұстап жатқанын айтып отыр.

Порталдың мәліметінше, балалардың ата-аналары бір аптадан бері ештеңеден хабарсыз күйде отыр, себебі дәрігерлер нақты диагнозды әлі күнге дейін қоймаған, вакцинаға жасалған сараптамалар дайын емес.

"Біз диагнозды білгіміз келеді, балалар немен ауырып жатыр. Біз уайымдап жүрміз, қазір оларды дәрігерлер қарап жатыр, бәрі дұрыс. Ал ертең үйге шыққанда қалшылдап, ұстамалары қайта ұстаса қайтеміз. Бұл олардың болашағына әсер ете ме, жоқ па соны білу біз үшін маңызды", - дейді Жаңаөзен тұрғыны Кахаз Самоликова.

Ата-аналардың айтуынша, оқушылар мен студенттерден ата-аналарының рұқсатын талап етпеген, вакциналау олардың келісімінсіз жүргізілген. Балалардың туыстары прокуратураға арызданды, енді соттасуды ойлап отыр.

"Біз прокуратураға хат жаздық. Менің қызыма вакцина салыпты, менен сұраған да жоқ. Олар қызымының осыған дейін ауырған не ауырмағанын сұрастырмады. Ал ол жақында ғана тұмауратқан болатын", - дейді Жаңаөзен тұрғыны Ербұғылан Табылдиев.

Айта кетейік, вакциналаудан кейін өздерін нашар сезініп аурухана түскендерді тексеру үшін Ақтауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары барған болатын. Олар болған жайды әлемдік тәжірибемен салыстырып, өзге елдерде дәл осы себепті ауырғандардың ешқандай зардап шекпегенін айтып жұбатты. Бірақ ата-аналар мұндай жауапқа қанағаттанбай, бұдан да салмақты дәлелді келтіруді талап етіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы егілген ондаған адамның ауруханаға түскені хабарланған болатын. Олардың нашар сезінуінің себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, асқынуға қызылшаға қарсы салынған вакциналардың сапасыздығы немесе дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қазір Астананың эпидемиологтары бұған қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, мұның алдында Теміртауда медицина колледжінің 18 студенті қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін жоғары температурамен ауруханаға түсті. Осындай жағдайлардан кейін Қазақстанда вакциналау уақытша тоқтатылды. Ал Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласының мамандары қолданылған екпені сапасыз деп тапты. Бірақ бұл өңірде екпеден кейін ауырғандар болмаған.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдері қызылшаға қарсы екпенің сапасы мен қауіпсіздігіне күмәндануға еш себеп жоқ деп мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2009 жылы Вакциналардың қауіпсіздігі жөніндегі ғаламдық консультативтік комитеті қызылшаға қарсы екпенің қауіпсіздігін растады. Екпе ондаған жыл бойы бүкіл әлемде табысты қолданылып келеді. 2000 жылдан бастап бүгінгі дейін бұл екпені пайдалану әлемде 15 миллиондай адамның өмірін сақтауға мүмкіндік берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети