Қызылшаға қарсы вакциналаудан соң колледж студенттері ауруханаға түсті

12 Ақпан 2015, 18:53
0
Қызылшаға қарсы вакциналаудан соң колледж студенттері ауруханаға түсті - ©РИА Новости
©РИА Новости

Теміртауда медицина колледжінің 18 студенті қызылшаға қарсы вакциналаудан кейін жоғары температурамен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылшаға қарсы вакцина студенттерге 10 ақпан күні егілген.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев журналистерге 18 студенттің ауырып қалуына алдын ала себеп вакцинадан кейінгі синдром деп мәлімдеді. "Теміртау медицина колледжінің бұл 18 студентіне халыққа жаппай вакцина егу кезінде қызылшаға қарсы вакцина салынды. Бұл - медициналық зертханалық зерттеуден өткен және жаппай вакцина егу үшін қауіпсіз деп мойындалған үнді вакцинасы. Студенттерде вакцинаға неліктен мұндай реакция пайда болғаны анықталып жатыр. Ал алдын ала себебі - "вакцинадан кейінгі синдром", - деп түсіндірді Нұрлыбаев.

Бүгін, 12 ақпанда 17 студенттің жағдайы жақсарып, олардың ауруханадан шыққалы жатқаны белгілі болды. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бір студент қана санитарлық бақылауда қалды. Нұрлыбаевтың сөзіне қарағанда, қызылшаға қарсы вакцина колледждің 178 оқушысына салынған. Ол сонымен қатар, студенттердің негізгі тобы өздерін жақсы сезінетіндерін айтты. "Вакцина салған дәрігерлердің студенттердің науқастанып қалуына әкеп соғуы мүмкін санитарлық немесе басқа да тәртіпті бұзғаны анықталмады", - деді басқарма басшысы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай