01 қазан 2020 09:02

ДДҰ коронавирусты маусымдық ауру деп есептемейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты маусымдық ауру деп есептемейді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты маусымдық ауру деп есептемейді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кейбір елдегі науқас санының өсуі шектеу шараларының алынуымен байланыстырылып отыр. Бұл туралы ДДҰ төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове мәлімдеді.

"Толқындар туралы айтқан кезде (вирустың) маусымдық тұмау секілді деп санаймыз, оның маусымдық сипаты солтүстік және оңтүстік жартышарларда қыс мезгілінде жағдайдың өршуімен байланыстырылады. Біз вирустың бұл түрін маусымдық деп есептемейміз. Вирус барлық жағдайда, климат пен өңірде байқалады", - деді Керкхове онлайн-брифинг барысында.

Оның айтуынша, шектеу шараларының арқасында коронавирустың тарауын тоқтатуға болады және инфекцияны бақылауға алу мүмкіндігі туады.

"Кейбір елде вирус қайтадан тарап жатыр, себебі шектеу шаралары алып тасталған", - дейді ДДҰ өкілі.

Еске салайық, ДДҰ 11 наурызда жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 33 миллионға жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети