Диетолог егде жастағы адамдарға пайдалы кептірілген жемісті атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Диетолог дәрігер Елена Соломатина "Москва 24" басылымына егде жастағы адамдарға пайдалы кептірілген жемісті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Диетолог дәрігер Елена Соломатина "Москва 24" басылымына егде жастағы адамдарға пайдалы кептірілген жемісті атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, егде жастағы адамдар үшін пайдалы кептірілген жеміс - кептірілген өрік екен, себебі оның құрамында бета-каротин көп.

"Бета-каротин көру қабілетінің қалыпты жұмыс істеуі, жаңа тіндердің өсуі үшін қажет. Бұл иммундық жүйеге, терінің және шырышты қабықтың жаңаруына қажет", - деп түсіндірді диетолог.

Дәрігер кептірілген өріктің құрамында калий көп екенін атап өтті. Ол денеден артық сұйықтықты кетіреді, жүрек бұлшықетін күшейтеді.

"Калий егде жастағы барлық адамға өте қажет, себебі жүрек қартайған сайын әлсірейді. Сонымен қатар, ол қысымды төмендетеді", - деді Соломатина.

Сондай-ақ, кептірілген өрік ішектің жұмысын жақсартатын талшық негізі болып саналады.

"Көптеген адам қартайған сайын талшықты аз тұтынады. Талшық - бұл тұрақты нәжіс, қалыпты тағамдық кесек және біздің пайдалы микробиомаға арналған тағам. Бұл жақсы ас қорыту үшін қажет. Сау ішек - бұл біздің иммундық және жүйке жүйелеріміз, бұл метаболикалық процесс", - дейді диетолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer