01 желтоқсан 2021 11:17

Диетолог кофені көп ішкен жағдайда не болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Күн сайын кофе ішу бауыр мен қалқанша безінің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Светлана Панченко айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Күн сайын кофе ішу бауыр мен қалқанша безінің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Светлана Панченко айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Маман кемінде екі аптаға (тәжірибе ретінде) кофеден бас тартуға кеңес берді. 

Панченконың сөзінше, кейбір адамдарда кофеин өт жұмысына әсер етуі мүмкін. (...) Сонымен қатар, кофе орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын көбейтіп жіберуі мүмкін. 

"Артериялық қысымы төмен адамдарға ол оң әсер етуі мүмкін, ал қан қысымы қалыпты адамдар үшін кофені шамадан тыс көп ішу жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады", - дейді диетолог. 

Маманның сөзінше, күніне екі-үш тостаған сапалы кофе ішу серотонинге (қуаныш гормоны) әсер етіп, адамның көңіл күйін көтереді. 

"Ал кофені шамадан тыс қолданған жағдайда ұйқы нашарлап, адам ашуланшақ болып, энергиялық және эмоциялық тұрақсыздық байқалады. Сонымен қатар, кофе - антиоксидант. Бірақ кофені көп ішсе, ағзада минералдар шайылып кетуі мүмкін", - дейді маман. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети