27 шілде 2021 14:06

Екпе алған және алмаған науқастардың өкпесіндегі айырмашылық көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рентген-аппаратына түсірілген сурет вакцина алған және алмаған науқастардың айырмашылығын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Рентген-аппаратына түсірілген сурет вакцина алған және алмаған науқастардың айырмашылығын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық жұқпалы аурулар дәрігері және терапевт Джесси О'Шеа Instagram-парақшасында науқастардың рентген суретін жариялады. Екі сурет те коронавирус жұқтырған науқастардың тексеру нәтижесі. Бірақ олардың бірі вакцина алған, ал екіншісі алмаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jesse O’Shea MD, MSc (@jesseosheamd)

Дәрігер бірінші сурет Pfizer вакцинасын алған және екі аптадан кейін COVID-19 жұқтырған 47 жастағы ер адамға тиесілі екенін айтты. Дәрігердің айтуынша, науқаста артық салмақ болған, бірақ ешқандай қосымша ауруы болмаған. Ер адамда жиі байқалатын белгілер: мұрыннан су ағу, дененің ауырсынуы және жөтел тәрізді белгілер байқалған. Кеуде қуысының рентгені салыстырмалы түрде қалыпты.

Ал екінші, төменгі сурет салмағы қалыпты және дәрі қабылдамайтын 50 жастағы науқасқа тиесілі. Дәрігер науқастың кеуде қуысының рентгенінде диффузды бұзылу, екі өкпеге де зақым келіп, тығызданғанын және жедел респираторлық стресс синдромы (Ards) бар екенін айтты. Оның айтуынша, бұл сурет коронавирустың ең қауіпті асқыну жағдайына ұқсас.

Инфекционист науқасты өкпені жасанды желдету және экстракорпораль мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратына қосу қажет екенін түсіндірді.

Дәрігер жазбасында жұқпалы аурулар мен олардың салдарын болдырмау үшін вакцинация ең тиімді әдіс екенін көрсеткісі келгенін жазған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети