24 қараша 2016 10:24

ЕО елдерінде адамның орташа өмір жасы 80 жылдан асып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© PolitRussia.com © PolitRussia.com

Еуропалық Одақ елдері тұрғындарының орташа өмір жасы тұңғыш рет 80-нен асты. Бұл туралы Еуропалық комиссия және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәлімдемесінде айтылған, - деп жазады "Интерфакс-Казахстан".


Еуропалық Одақ елдері тұрғындарының орташа өмір жасы тұңғыш рет 80-нен асты. Бұл туралы Еуропалық комиссия және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәлімдемесінде айтылған, - деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

ЕО елдеріндегі адамның өмір жасы ұзақ уақыт тұрақсыз көрсеткіште болды, Еуропалық Одақ құрамындағы батыс елдерінің тұрғындары орта және шығыс аумағындағы елдер тұрғындарына қарағанда сегіз жыл артық өмір сүретін делінген зерттеуде. 

"Айырмашылықты азайту үшін әлі де көп жұмыс қажет", - деді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшысы Анхель Гурриа,

Зерттеу мәліметтері бойынша, соңғы 20 жылда ЕО елдеріндегі өмір ұзақтығы орташа алғанда он жылға артқан. Дегенмен, созылмалы аурулар және онымен байланысты қауіп факторлары - семіздік, темекі және алкоголь - жалпы көрсеткішге айтарлықтай әсер етеді. 

Сонымен қатар, бала туу көрсеткіші төмендеп отырғаны тіркелген, осыған байланысты Еуропада егде тұрғындар саны күрт артты. Осылайша, 65 жастан асқан тұрғындар саны соңғы 20 жылда 10-нан 20 пайызға артқан және 2060 жылға қарай 30 пайызға жетуі мүмкін. 

Еске салайық, Жапонияға сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл елде ұзақ жасаушылар көп екендігін атап өткен болатын. Мұнда адамның орташа өмір жасы 80-85 жыл.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети