21 ақпан 2014 | 17:25

Есіл ауруханасына ұйқылы-ояу күйдегі науқастар әлі келіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото ©Марат Абилов фото ©Марат Абилов

Есіл ауруханасына ұйқылы-ояу күйдегі науқастар әлі де келіп түсіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері Қабдірашит Әлмағамбетов мәлімдеді. "Бүгінгі таңда ауруханада Калачи ауылынан үш адам, сонымен қатар 11 жасар бала жатыр. Олардың жағдайы қалыпты, таяу арада үйлеріне жібереміз" дейді дәрігер. Еске сала кетелік, осы сәрсенбіде әлсіреп, ұйқы басып тұрғанын айтқан 53 жастағы ер адам мен 33 жастағы әйел аталған ауруханаға келіп түскен болатын. Әлмағамбетов бұл жайт алдыңғыларға қарағанда жеңілірек деп бағалаған, өйткені олар естерінен танып, түрлі елес көрмеген. Сонымен қатар дәрігерлердің қадағалауынша, бұл ауру түрі күн жылына бастағанда көрініс табады екен. Алғашқы оқиға өткен жылдың наурыз бен сәуір айларында болған. Ол кезде 14 пен 70 жас аралығындағы ондаған ауыл тұрғындары әлсіздік, ұйқы басу, бастың айналуы, қимылдарын басқара алмау және есін жартылай жоғалту сынды ұқсас белгілермен емханаға қаралған. Ал кейбір ауыл тұрғындары екі сөткеге ұйқыға кеткен. Кейіннен денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ауру себебін анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізілгендігі туралы есеп берген болатын. Алайда бізде бұл құпия ауру түрінің себебін әзірге ешкім таба алмады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети