Ғалымдар жүзімнің өкпе қатерлі ісігіне қарсы пайдасын анықтады

06 Қазан 2018, 13:33
0
© pixabay.com
© pixabay.com

Женева университетінің зерттеушілері жүзім құрамындағы ресвератрол табиғи компоненті өкпе қатерлі ісігіне қарсы күресу қасиетіне ие екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Daily сайтына сілтеме жасап. 

Зертеушілер мұндай тұжырымды темекі түтінінде бар канцероген әсеріне ұшыраған тышқандармен тәжірибе нәтижесінен кейін жасады. Олар кеміргіштерді емдеу үшін ресвератролды қолданған. 

Өкпенің қатерлі ісігіне қарсы фенолдық қосылыстың тиімділігі ауызға емес мұрынға құю арқылы анықталды.

Экспериментке қатысушылар төрт топқа бөлінді: біріншілерге канцероген де, ресвератрол да берілмеді, ал екіншілерге бір мезгілде екі қоспа берілді, сонымен қатар екі тышқанға олардың бірі ғана берілді. "Ем" алған кеміргіштерде ісік мөлшері басқа топтағы жануарлармен салыстырғанда орта есеппен 45 пайызға азайған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай