1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ғалымдар коронавирус пен буын ауруы арасындағы байланысты тапты 18 ақпан 2021, 12:53

Америкалық ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарда кездесетін буындар мен бұлшықет ауырсынуына қатысты түсініктеме тапты, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Америкалық ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарда кездесетін буындар мен бұлшықет ауырсынуына қатысты түсініктеме тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік-Батыс университеті (Northwestern University) сайтына сілтеме жасап.

Университет ғалымдары Northwestern Medicine клиникалар желісі дәрігерлерімен 2020 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін ретроспективті зерттеу жүргізген. Зерттеуге Чикагодағы солтүстік-батыс мемориалдық ауруханасындағы науқастар қатысты.

Компьютерлік (КТ), магнит-резонанстық томография (МРТ) және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) көмегімен мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырып жазылғанан кейінгі буындар мен бұлшықет ауырсынуы белгілері көбінесе ағзаның аутоиммундық реакциясымен байланысты екенін анықтады. Олардың пікірінше, коронавирус инфекциясы денені өз-өзіне шабуыл жасауға мәжбүрлейді.

"Біз коронавирус денені өз-өзіне шабуыл жасауға мәжбүрлейтінін анықтадық. Бұл ревматологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Кейін ұзақ уақыт емделуге тура келеді", - деді Солтүстік-Батыс Файнберг университеті медицина мектебінің тірек-қимыл радиологиясы доценті Свати Дешмук.

Сарапшылар СOVID-19 жұқтырғаннан кейінгі асқынулар, оның ішінде ревматоидты артрит, аутоиммунды миозит немесе саусақ фалангтарының қабынуы дәл осы "дененің өзіне шабуылдауы" нәтижесінде болатынын айтты.

Ғалымдардың пікірінше, науқастың көбі қалыпқа келеді, дегенмен кейбір науқаста белгілер ұзаққа созылады. Мұндай жағдайларда бұл нервтердің зақымдануына, қан ағымының бұзылуы немесе қан ұйығыштығына әкелуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!