14 тамыз 2020 09:14

Ғалымдар коронавирустан емделудің жаңа әдісін ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: anadolumedicalcenter.ru Фото: anadolumedicalcenter.ru

Әлем ғалымдары коронавирустық пневмонияны сәулелік терапиямен (радиотерапия) емдеуді ұсынды, - деп хабарлайды "Известия".


Әлем ғалымдары коронавирустық пневмонияны сәулелік терапиямен (радиотерапия) емдеуді ұсынды, - деп хабарлайды "Известия".

Дереккөз мәліметінше, Канададағы Джек Ади онкологиялық орталығының медициналық физика бөлімінің ғалымдары рентген сәулелерінің төмен дозаларының пневмониядан болатын өлім-жітімді орташа есеппен 20 пайызға төмендету мүмкіндігі туралы мәлімдеген.

Сондай-ақ, бұрын жануарларға жүргізілген сынақтар пневмонияның жедел кезеңі екі есе қысқаруы мүмкін екенін көрсетті.

"Пневмония инфекцияға иммундық жауап ретінде пайда болады, альвеолалар қабынып, сұйықтық шығарады, газ алмасу функциясын бұзады. Вирустық инфекциямен қабынуға қарсы цитокиндер мен химокиндерді синтездеу үшін иммундық жасушалар пайда болады. Жинақталған деректер радиацияның төмен дозаларынан туындаған қабынуға қарсы әсерді көрсетеді", - делінген мақалада.

Бұл әдіс АҚШ-та коронавирус жұқтырған 10 науқасқа жүргізілген екен. Нәтижесінде жұқтырғандар үш күн ішінде-ақ өздерін жақсы сезінген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети