Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.39
EUR / KZT - 390.28
CNY / KZT - 52.42
RUB / KZT - 5.36

Ғалымдар сағыздың денсаулыққа пайдалы екенін анықтады

27 Мамыр, 12:02
0
© divomix.com
© divomix.com

Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары сағыздың денсаулыққа пайдасын анықтады, олардың айтуынша, сағызды жүріп бара жатқанда шайнау артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ғылыми зерттеудің нәтижесі Journal of Physical Therapy Science басылымында жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Мамандар 21-69 жас аралығындағы 46 ер адам мен әйелді зерттеді. Олар екі топқа бөлінді. Бірінші топқа екі жастықша сағыз берілді, олар 15 минут бойы жүріп келе жатып оны шайнады. Ал екінші топқа сағыздың орнына дәл сондай құрамдағы ұнтақ берілді.

Ғалымдар екі топтағы адамдардың жүрек қағысының жиілігін, жүріп өткен қашықтықты және жұмсалған энергияны өлшеді. Нәтижесінде бірінші топтағы адамдардың жүрек қағысының екінші топтағылармен салыстырғанда екі есе жоғары екені анықталды. 

Айтарлықтай тиімді нәтиже егде адамдарда байқалды. "Біздің зерттеуіміз орта жастағы адамдардың, әсіресе егде жастағы ер адамдардың серуен кезінде сағыз шайнауы дистанция мен жұмсалатын энергияны арттыратынын көрсетті", - деді зерттеудің авторлары.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жаттығулар мен сағызды үйлестіріп, дене салмағын тиімді бақылап отыруға болады.

Методологиялық шектеулерге байланысты ғалымдар шайнау қимылдарының нақты санын есептеп бере алмады. Олардың көзқарасы бойынша, алдағы уақытта көрсеткіштердің нақты өлшемін алу үшін бұл факторды есепке алу керек болады.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай