Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ғалымдар ішімдікке тәуелділіктің себебін анықтады

28 Сәуір 2016, 14:53
0
© Alcogolizm.com
© Alcogolizm.com

Солтүстік Каролина университетінің нейробиологтары адамдардың ішімдікке бейім болуының себебін анықтады. Мамандар алкогольге тәуелділікке жауап беретін нейрон жасушаларынан тұратын тізбекті анықтады. Зерттеу жұмысының нәтижесі Biological Psychiatry басылымында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, жасушалардың мұндай тізбегі ми қабығының вентральді бөлігі мен бадамшасын байланыстырады. Олар өз кезегінде күйзеліс пен тәуелділік реакцияларына жауап береді. Бұған дейін мамандар бұл бөліктердің ішімдікке тәуелділікті оятады деп келген еді. Енді нейрологтар бұл екі бөліктің бір-бірімен нейронды жүйелер арқылы байланысатынын анықтап отыр.

Мамандар бұл байланыстардың проекциялық нейрондардан тұратынын анықтады. Олар белгілерді мидың басқа бөліктеріне бере алады. Проекциялық нейрондар өз кезегінде күйзеліспен күресуге арналған кортикотропин-рилизинг-гормондарын бөледі. Егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибе мидың екі бөлігінің арасындағы байланыстың белсенділігін бәсеңдету ішімдік ішуден сақтайтынын анықтады.

Енді мамандар зерттеу жұмысының ішімдікке тәуелділіктен емдеудің жаңа әдісін жасауға көмектесетініне сенім артып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай