23 желтоқсан 2021 15:45

Германия COVID-19-ға қарсы екпенің төртінші дозасы туралы мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах коронавирус пандемиясымен және омикрон штамымен күресуде вакцинаның төртінші дозасы қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах коронавирус пандемиясымен және омикрон штамымен күресуде вакцинаның төртінші дозасы қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Лаутербахтың айтуынша, Германия омикрон штамына арнайы BioNTech жасаған, 2022 жылы көктемде түсетін вакцинаның 80 миллион дозасына тапсырыс берген.

Министрдің айтуынша, жақында бекітілген Novavax вакцинасының төрт миллион дозасына және нарықта әлі мақұлданбаған Valneva вакцинасының 11 миллион дозасына тапсырыс берген.

"Вакцинаны күшейту науқаны - омикронмен күрестегі маңызды элемент. Күшті вакцинадан кейін COVID-19-бен қорғаныс деңгейі өте жоғары болады. Менің ойымша, бұл 90 пайыздан асады", - деді денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, ол инфекцияның алдағы толқынын басуда вакцинаның айтарлықтай әсері бар екенін айтты.

Жұқпалы аурулармен айналысатын Роберт Кох институтының президенті Лотар Вилердің айтуынша, үш апта ішінде Германиядағы басқа коронавирус инфекциялары арасында омикрон басым болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети