02 қараша 2019 09:59

Германияда ең ұзын тісті жұлған дәрігер рекорд орнатты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Pixabay.com Сурет: Pixabay.com

Германияның Оффенбах қаласындағы тіс дәрігері емделушісінің ұзындығы 3,7 сантиметр тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Германияның Оффенбах қаласындағы тіс дәрігері емделушісінің ұзындығы 3,7 сантиметр тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Науқас 2018 жылы тіс дәрігеріне жақтың жоғарғы бөлігінің ісінуі мен қатты ауырсынуына шағымданған. Рентген суреті тістердің біреуі ерекше ұзын екенін көрсетті. Дәрігер Макс Лукас оны дереу алып тастауға кеңес берген, кейін ота кезінде тіс суреттегіден де ұзын болып шыққан.

Дәрігер Гиннесс рекордтар кітабына кіру үшін қажетті құжаттарды жинау және тісті тексерту үшін бір жыл уақыт жұмсаған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети