13 шілде 2020 17:39

Иммунолог COVID-19 жұқтыру қаупі төмен адамдарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік дәрігер-иммунолог Николай Крючков коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі төмен немесе нөлдік қаупі бар адамдардың санаттарын атады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейлік дәрігер-иммунолог Николай Крючков коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі төмен немесе нөлдік қаупі бар адамдардың санаттарын атады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, мұндай топқа алдымен туғаннан иммунитеті мықты адамдар жатады.

"Салыстырмалы түрде кішкентай вирустық "дозада" мұндай иммунитет жоғарғы тыныс алу жолдарының деңгейінде жұмыс істейді және инфекцияның ағзаға енуіне жол бермейді", - деді дәрігер "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, коронавирус жұқтыру қаупі төмен азаматтардың санатына денсаулығы мықты, азғасы тромбозға (тамырда қанның ұюы - автор) және иммундық реакцияға бейім емес адамдар да жатады. Алайда олар ауру жұқтырған күннің өзінде коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды.

"Біреу оған назар аударып, мән бермеуі мүмкін. Мысалы, ол бірнеше күн жөтеліп қана қояды. Алайда ағзада инфекция болады. Спецификалық иммунитет жұмыс істей береді", - дейді Николай Крючков.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети