13 тамыз 2014 11:31

Канада ДДҰ-ға Эбола безгегіне қарсы вакцинаны ұсынуға әзір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) Эбола безгегін емдейтін сынақтағы сұйықтықтар партиясын жеткізуге әзір екендігін мәлімдеп отыр деп хабарлайды Канаданың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған BBC.


Канада билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) Эбола безгегін емдейтін сынақтағы сұйықтықтар партиясын жеткізуге әзір екендігін мәлімдеп отыр деп хабарлайды Канаданың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған BBC.

Денсаулық сақтау министрі Рона Амброз "Канада ДДҰ мамандарына адамдарға әлі сыналып үлгермеген вакциянаның мыңға жуық түбегін жеткізуге дайын" деп мәлімдеді. Мамандар Африка елдерін жайлаған обамен тиімді күресуде Эбола безгегіне қарсы вакцинаны қажетті көлемде өндіру керектігін, ал ол үшін кем дегенде жарты жыл уақыт  қажеттігін айтады. Өз кезегінде америкалық ғалымдар да бұл дәрі түрін даярлап жатқаны мәлім.

Батыс Африкада Эбола безгегінен көз жұмғандар саны - 1013 адам. Әлемде бұл ауру түрін жұқтырғандар 1800 адам делінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегін халықаралық маңыздағы төтенше жағдай деп мойындағанын баса айта кетелік. Ауруды жұқтырушылардың барлығына оның көбеюіне жол бермеу мақсатында тұрғылықты мемлекет шекарасынан шықпауына кеңес берілген.

Эбола безгегі -тікелей қанға түсу және науқас денесінен бөлінетін сұйықтықтар, сонымен қатар ауруды жұқтырушының ұстаған, тұтынған заттары арқылы тарайтын, ақыры кісі өліміне әкеп соғатын ауру түрі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети