30 қараша 2015 08:19

Қазақ ғалымы жасартатын білезік ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МИР 24" арнасының кадры "МИР 24" арнасының кадры

Алматы қаласының тұрғыны, филиолог Төреғали Батырханұлы жасартатын электронды білезік ойлап тапты, - деп хабарлайды "МИР 24". Ғалымның айтуынша, білезік арқылы 25 жасқа жасаруға болады. 


Алматы қаласының тұрғыны, филиолог Төреғали Батырханұлы жасартатын электронды білезік ойлап тапты, - деп хабарлайды "МИР 24". Ғалымның айтуынша, білезік арқылы 25 жасқа жасаруға болады. 

Құрылғының жұмысы қарапайым түсіндіріледі: қысым түскен сәтте білезік "қуаныш гормоны" серотинин мен эндорфин өндіруге септігін тигізеді. "Адамда 30 секунд бойы жағымды гормондар бөлінуі керек. Ал 30 секундтан асып кетсе ол улы гормондар болады. Осы құрылғы ағзаны анықтап, қалпына келтіреді. Сонда адамда жасару үдерісі жүріп, жақсы көңіл-күйі пайда болады", - дейді физиолог.

Төреғали Батырханұлы құрылғыны 10 жылға жуық уақыт бойы жасаған. Тіпті патенттеп қойыпты. Білезікті киіп көргендер бірнеше процедурадан кейін ауыр күйзелістің жоғалатынын байқапты. Алайда қазіргі уақытта білезікті ғалымның туыстары ғана тағып жүр. Әйтсе де, ғалым өз ойлап тапқан білезіктің эстетикалық медицинаның айнымас бір бөлігіне айналады деп сенеді. Оның пікірінше, толықтай жасару үшін сегіз ғана процедурадан өту керек екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети