20 қаңтар 2020 17:39

Қазақстан зерттеу мақсатында қытайлық вирустың құрамын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық лабороториялар Қытайда эпидемияның таралуына түрткі болған короновирустың жаңа түрінің құрамын алды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық лабороториялар Қытайда эпидемияның таралуына түрткі болған короновирустың жаңа түрінің құрамын алды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қытайдың денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа қоздырғыштың генімен ажыратты. Ұлттық координатор арқылы біз жаңа коронавирус құрылымын алдық. Біздің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы отандық зертханаларымыз енді жаңа коронавирусқа арналған тест-жүйені құрастырып шығара алады. Бұл бізге коронавирус симптомдары бар науқастар болған кезде жедел диагностиканы жүргізуге және жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл ең маңызды ақпарат", - деді Бекшин.

Ол қазақстандық мамандарға тест-жүйені әзірлеуге 1,5 ай уақыт қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа инфекция 20 пайызға таяу шығысреспираторлық синдром вирусына ұқсас, 2012 жылдан бері 700-ден аса адам осы ауру түрінен қаза тапты.

"2012 жылы Сауд Арабиясында Таяу Шығыста ауырғандар саны айтарлықтай болғаны естеріңізде ме? Онда ауруға жарғанаттар мен түйелер себепші болды. Бұл жерде 1 қаңтардан бастап карантинге жабылған теңіз өнімдері нарығының өніміне күдік бар. Қазір қытайлық эпидемиологтар құс, жылан және қояндар арқылы етке түсіп жатыр деп айтады", - деп нақтылады Бекшин.

Клиникалық белгілері мен симптомдары мынадай: тыныс алуы қиындайды, кеуде қуысының рентгенограммасында екі өкпеде де инвазивті өкпе инфильтраттары анықталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети