04 қараша 2016 13:42

Қазақстанда бедеулікке және белсіздікке шалынған жұптар азаймай тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© KazMedic.kz © KazMedic.kz

Қазақстанның Репродуктивті медицина ассоциациясының президенті Вячеслав Локшин "Бедеулікті емдеудің жаңа жолдары. БРТ: қазіргісі мен болашағы" атты халықаралық конгресс барысында Қазақстанда белсіздік пен бедеулік жиілігі 15 пайызды құрайтынын және еш төмендемей тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Репродуктивті медицина ассоциациясының президенті Вячеслав Локшин "Бедеулікті емдеудің жаңа жолдары. БРТ: қазіргісі мен болашағы" атты халықаралық конгресс барысында Қазақстанда белсіздік пен бедеулік жиілігі 15 пайызды құрайтынын және еш төмендемей тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін халықаралық медициналық конгресске Ресей, Украина, Израиль, Германия, Дания, Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Үндістан, Таиланд, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен еліміздің алдыңғы қатардағы мамандары жиналып, репродуктивті технологиялар саласындағы тәжірибесімен алмасты.

Ассоциация басшысының мәліметінше, Қазақстанда қосалқы репродуктивті технологияны (ҚРТ) сәтті қолдану нәтижесінде 20 жылда 12 200 сәби дүниеге келген. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы жылына 2 000 бала дүниеге келеді екен. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанда 22 жасанды жолмен ұрықтандыру орталығы, оның ішінде 17 мекеме жергілікті.

Локшиннің айтуынша, жасанды қрықтандыру арқылы және табиғи жолмен дүниеге келген балалардың денсаулығында еш айырмашылық болмайды екен. Егер көп балалы отбасында сәбидің ауруға шалдығып қалу қаупі болса, жасанды жолмен дүниеге келген балалар ұзақ күтіп жеткен болғандықтан барлық жағынан қамсыздандырылған болатыны байқалады. Ал мұндай балаларда денсаулығымен қиындықтар байқалмайды.

Сонымен қатар маманның сөзінше, тұқымсыздық себебі көп: семіздік, ерлерде де, әйелдерде де (шамамен артық салмағы бар адамдардың 30 пайызында репродуктивті жүйесі бұзылады); жасанды түсіктер; ішімдікті көп пайдалану, жыныс жолдарымен таралатын аурулар; жүктілік кезіндегі қиындықтар; жұқпалы аурларға шалдығу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети