Қазақстандық QazCovid-in вакцинасынан қайтыс болғандар жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасынан қайтыс болғандар жоқ Фото: elements.envato.com

QazCovid-in қазақстандық вакцинасын Covid-19-ға сынау кезінде еріктілер арасында өлім жағдайы тіркелді ме? Бұл сұраққа Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

QazCovid-in қазақстандық вакцинасын Covid-19-ға сынау кезінде еріктілер арасында өлім жағдайы тіркелді ме? Бұл сұраққа Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 9 ақпанындағы жағдай бойынша, вакцинацияланған еріктілердің денсаулық жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өкілдері.

Айта кетейік, қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің екі кезеңі аяқталды. Бүгінде үшінші кезең жүріп жатыр. Түрлі жастағы үш мың ерікті, оның ішінде тәуекел топтары сынақтан өтіп жатыр. Бұған дейін қазақстандық QazCovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болған жағдайда 500 мың теңге сақтандыру төлемі берілетіні хабарланған болатын.

АҚШ-та Pfizer коронавирусқа қарсы вакцинасын қабылдаған дәрігер екі апта өткен соң қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети