16 ақпан 2021 09:20

ДСМ коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның адам ағзасына қалай әсер ететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынған адамдардың жағдайын айтты. Ведомство мәліметінше, кей адамда дене қызуы көтеріліп, тұмау секілді симптомдар пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша, 14 мың қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынған. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері елде коронавирусқа қарсы иммундаудан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелмегенін айтты. 

"Одан бөлек, вакцинаны салу нұсқаулығында көрсетілген кей реакция болуы мүмкін деп болжанып отыр. Ол ине салынған жердің қызаруы деген секілді реакциялар. Сонымен қатар, дене қызуының көтерілуі және тұмау симптомы секілді жалпы реакциялар да тіркеліп жатыр", - делінген жауапта. 

Мұндай реакциялар вакцина салынғандардың 10 пайызында байқалған. 

Еске салайық, бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өкілдері QazCovid-in қазақстандық вакцинасын Covid-19-ға сынау кезінде еріктілер арасында өлім жағдайы тіркелмегенін хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети