22 маусым 2020 19:06

Қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткере бастады - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрінің лабораториялық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова коронавирус генетикалық тұрғыдан өзгеретінін және қазақстандықтар коронавирусты жеңіл өткере бастағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір, әрине, коронавирус жұқтырып, симптомсыз жеңіл формада ауырып жатқандар көп тіркеліп жатыр. Бұл ауру құрылымының генетикалық түрленуі болып жатқанын білдіреді. Біздің бақылауымызша, пневмонияның ауыр түрлері қазір мұндай көлемде тіркеліп жатқан жоқ", - деді ол ОКҚ өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, биотехнологиялар ғылыми орталығы жасаған талдау нәтижелері бойынша Қазақстан территориясында вирустың азиялық және еуропалық штаммының циркуляциясы тіркелген.

Еске салайық, қазір Қазақстанда 17 732 адамнан коронавирус анықталған. 10 897 адам аурудан айықты, 120 науқас көз  жұмды, 9809 адам симптомсыз ауырып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети