1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Қазақстандықтарда кең таралған қатерлі ісік түрлері аталды 18 наурыз 2019, 11:21

Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

фото facebook/ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты фото facebook/ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты

Қазақстанда соңғы 20 жылда қатерлі ісік сырқаттары көбейіп келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр 2019 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша диспансерлік бақылауда қатерлі ісігі бар 181 344 науқас тіркелгенін мәлімдеді.

"2018 жылы 35 753 адам алғаш рет тіркелді, олардың 44,3 пайызы - ер адам, ал 55,7 пайызы - әйелдер. Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың ішінде ер адамдар көбірек  - 53,8 пайыз. Алғаш рет ауырғандардың 60 пайызы - 18 жастан 63-ке дейінгі еңбекке жарамды адамдар. Сырқаттану құрылымында көш бастап тұрғандар: сүт безінің қатерлі ісігі (12,6 пайыз), өкпе қатерлі ісігі (9,9 пайыз), асқазан қатерлі ісігі (7,4 пайыз), жатыр мойны қатерлі ісігі және тоқ ішек қатерлігі ісігі (4,7 пайыз)", - деді Біртанов.

Көп жағдайда өкпе ісігі (16,5 пайыз), асқазан ісігі (11,5) мен сүт безі ісігінің (8,4) өлімнің басты себебі болатыны айтылады.



Firebase Cloud Messaging