11 қараша 2016 17:19

Қазақстандықтардың 70 пайызы көз жұмған соң донор болудан қашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда өлгеннен кейін донор болу презумпциясы бар. Бұл - егер адам тірі кезінде емханаға барып, бас тарту туралы құжатты толтырмаған болса, мидің өлу дерегі тіркелгеннен кейін дәрігердің басқа сырқаттарға салу үшін мүшелеріңізді алуға толық құқысы бар деген сөз. Бұл норма 2009 жылы Ұлт денсаулығы кодексінде бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда өлгеннен кейін донор болу презумпциясы бар. Бұл - егер адам тірі кезінде емханаға барып, бас тарту туралы құжатты толтырмаған болса, мидің өлу дерегі тіркелгеннен кейін дәрігердің басқа сырқаттарға салу үшін мүшелеріңізді алуға толық құқысы бар деген сөз. Бұл норма 2009 жылы Ұлт денсаулығы кодексінде бекітілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ мұндай заңның барын көпшілік біле бермейді, ал өз мүшелерін алуға тыйым салатын құжатты өзімен бірге алып жүретіндер кемде-кем. Жалпылай алғанда елде өлі адамнан трансплантация жасау өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанда баяу дамып келеді. Әлем бойынша, көптеген адамдар көз жұмған соң донор болуға келіседі. 

"Республикалық трансплантация бойынша координациялық орталығы" директорының орынбасары Серік Жарықовтың айтуынша, азаматтардың 30 пайызы ғана көз жұмған туыстарының дене мүшелерін алуға қарсылық білдірмейді. Айта кету керек, дәрігерлер туыстарынан рұқсат сұрауға тиіс емес, олар мұндайды "адам сияқты алдынан өту" үшін ғана істейді. "Үрдіс бойынша, қазақстандықтардың 70 пайызы мұндайдан бас тартады. Менталитет сондай, қоғам мұны қабылдамайды, сондықтан көз жұмған туысының мүшелері бес-алты адамның өмірін құтқарып қалатынын түсінбейді", - дейді ол.

Келісім презумпциясымен қатар елімізде Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылдың 18 мамырындағы таңдау жасай алу мүмкіндігін (донор боласыз ба, жоқ па) беру заңы қатар қолданыста келе жатқаны айта кету керек. Адам мұндай келісімді немесе бас тартуды емханада толтырады. Ал 2017 жылдан бастап мұндай қызмет Ғаламторда қолжетімді болады. 

"Мемлекеттік қызмет - egov.kz порталында осындай функция пайда болады. Сосын ол адамның келісімі немесе бас тартуы донорлардың электронды базасына түседі. Ол чехиялық технология бойынша жұмыс атқарады", - дейді Жарықов.

Қазақстанда 2012-2016 жылдар аралығында көз жұмған адамдардан 87 бүйрек, 41 жүрек, бес өкпе, екі асқазан асты безі ауыстырылды. Осылайша, марқұмдар 160 адамның өмірін аман алып қалған.

Сызғанов атындағы емхананың директоры Болатбек Баймахановтың сөзінше, мәселенің бәрі менталитет пен адамдардың санасында: қоғам әлі мұндайға дайын емес. Келісім презумпциясы бүкіл әлемде бар, олай болмағанда өлі адамнан трансплантация жасау дамымас еді. Жақында ғана көз жұмған ер адамның бүйректері мен бауыры үш адамның өмірін құтқарған.

"Жақында 39 жастағы ер адамның ішкі мүшелері алынды, ол миынан қан кетіп, қайтыс болды (...). Екі бүйрек екі жігітке, ал бауыры циррозға шалдыққан 34 жастағы әйелге салынды. Үш адам да өздерін жақсы сезініп жатыр. Донордың туыстарына алғыстарымыз шексіз, ол адамдар мүше ауыстырусыз тірі қалмас еді", - дейді Баймаханов.


Болатбек Баймаханов, сурет Yvision.kz сайтынан

Сонымен бірге, ол заңның жұмыс істеп тұрмағанын айтады. Туыстары дәрігерлер үстінен сотқа арызданған кездер де болғанын айтады. "Кез келген адам миы өлген соң автоматты түрде донор, егер тірі кезінде бас тарту құжатын толтырмаған болса. Бірақ, бұл заң бізде күшіне енбеген десе де болады. Өйткені туыстар үнемі қарсы болады, тіпті сотқа шағымданады", - дейді Баймаханов. - Мынадай бір оқиға болған, дене мүшелерін алғанға байланысты шу болып, үстімізден сотқа арыз берді, заң бойынша біздікі дұрыс болғандықтан, олар ұтылып қалды".

Қазақстанда дене мүшесін ауыстыруды күтіп жатқан 2,5 мың адам бар. Баймаханов, істің бәрі асығыстан жасалатынын айта кетті. Дәрігерлер мүшелерді алдымен үш-алты айда өліп кетуі мүмкін адамдарға ауыстырып салады. Мүше ауыстыруды қажет ететін адам донор таңдауға мүлде қатыспайды, дейді дәрігер бұл мәселедегі спекуляция бойынша күдіктерді таратып. Көпшілік дене мүшелерін рұқсатсыз алуға болатын болса, адамның өлімін де қолдан жасауға болады деп ойлайды.

"Мүмкін емес, - дейді дәрігер. - Ешкім мұндай қылмысқа аралсқысы келмейді. Мүшелерді алу тек көз мидың өлгені туралы дәлел келгеннен кейін ғана жүреді. Ал адамның миы өлгенін анықтау үшін бірнеше дәрігер қатысып, дәрігерлік консилиум құрылады. Кемінде 30 адам пациенттің жағдайы туралы білетін болады, одан кейін мұндайға кімнің барғысы келсін", - дейді ол.

Баймахановтың ойынша, БАҚ арқылы көз жұмғаннан кейінгі джонорлық тақырыбын белсенді жарнамалау керек. "Бізде өалық бәрін қарсылықпен қабылдайды. Теледидар арқылы министр немесе Бас прокурор осы мәселе туралы айтса, жеңілдеу болар еді деп ойлаймын. Осыдан кейін адамдар арыздануды қойып, өлген соң олардың мүшелері Құдайға керек емесе екенін, Жерде бес-алты адаммды құтқаруға қажеттігін түсінер еді", - дейді ол.

Жақында ішкі мүшелері бес аданың өміріне араша болған павлодарлық скейтбордшы туралы оқиға бүкіл Қазақстанды шулатты. Жас жігіт қатты құлап кетіп, комаға түсіп қалады. Жаңа өмірге мүмкіндік алған жандар донордың туыстарына арнап видеоалғыстарын білдірді.

Алайда, донорлар туралы мәлімет аз. Көбіне бұл ақпарат жабық күйде қалады. Мысалы, қарағандылық Қуат Мақсұтов жүрек үшін кімге алғыс айтарын білмейді де. Оған донорды ұзақ іздеп, Алматыдан тапқан. Қарағандыға дене мүшесі ұшақпен жеткізіліп, бірнеше сағатта салынған. 

Оның айтуынша, қазір ол өзін дақсы сезінуде, пластикалық терезелер шығаратын шағын бизнес ашқан. Әрине, ауыр салмақ түсіруге болмайды. Бұрын ол дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған екен. 

Сызғанов клиникасының директоры адамның ішкі мүшелері қалай сақталатынын айтып берді. Жүрек, бауыр мен бүйректер қызметін бір тәулікке дейін аппарат арқылы сақтауға болады. "Бізде максималды сақтау ұзақтығы 40 сағат. Әрине, бірден салған жақсы - бірнеше минутта, сағатта", - дейді дәрігер және Қазақстанда мүше ауыстыру оталары тегін жасалатынын қоса айтып.

Сонымен қатар, ол ішкі мүшелерді заңсыз сату туралы айта кетті. Ғаламторда бүйрек пен бауырды сату, алу бойынша жариялымдар көп, бірақ дәрігерлер бұл сатушы да, алушы да қылмыстық жазаға тартылатынын ескертеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети