13 шілде 2021 17:22

Коронавирустың бірнеше штамын кімдер жиі жұқтырады? Дәрігер жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Дәрігер коронавирустың бірнеше штамын жиі жұқтыратындар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Дәрігер коронавирустың бірнеше штамын жиі жұқтыратындар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничнаның айтуынша, бір вирустың әртүрлі штаммен қосарланып жүретін жағдайлары бұрыннан белгілі.

"Бір уақытта екі SARS-CoV2 вирусын тудыратын инфекция иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда жиі кездеседі, көбіне егде жастағы адамдарда. Бір уақытта екі штамнан туындаған ауру жағдайды қиындатады. Көбінесе ұзаққа созылады, өйткені иммундық жүйе инфекцияны тудырған бірінші штамды тез жоя алмайды және науқаспен байланыста болған кезде денеге қосымша тағы біреуі енеді", - деп түсіндірді Пшеничная.

Оның айтуынша, COVID-19-дың бірнеше штамын жұқтыру вирустың одан әрі өзгеруіне және оның жаңа нұсқаларының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Дәрігер осы себепті вирус популясы дамып, өзгермеуі үшін мүмкіндігінше тез екпе алу керегін ескертті.

Айта кетейік, Бельгияда 90 жастағы әйел бір уақытта коронавирустың екі нұсқасын жұқтырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети