13 қараша 2020 11:31

Коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керек? Дәрігердің кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © РИА Новости Фото: © РИА Новости

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірнеше облыс "қызыл" аймаққа кіріп, онда карантин күшейтілді. MedSupportKZ еріктісі, медицина докторы және Назарбаев Университетінің түлегі Ботагөз Каукенова коронавирустың екінші толқыны кезінде қазақстандықтарға вирустан қалай сақтануға болатыны туралы кеңестер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірнеше облыс "қызыл" аймаққа кіріп, онда карантин күшейтілді. MedSupportKZ еріктісі, медицина докторы және Назарбаев Университетінің түлегі Ботагөз Каукенова коронавирустың екінші толқыны кезінде қазақстандықтарға вирустан қалай сақтануға болатыны туралы кеңестер берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкін бе?

Иә. Қазіргі таңда адамдар вирусты қайта жұқтырған кезде бұл жағдай оның денсаулығына қалай әсер ететіні, әрі бұл қандай факторларға байланысты екені белгісіз болып тұр. Сондықтан ауырып қалған адамдарға сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз: маска тағыңыз, қолыңызды жиі жуып жүріңіз, арақашықтықты сақтаңыз, адамдар көп баратын жерлерге бармаңыз!

Мен барлық сақтық шарасын сақтап жүрмін, тағы не істеуге болады?

Жаздағы пандемия адамдардың психологиялық денсаулығына айтарлықтай әсер еткенін көрсетті. Оқшаулану және қашықтан жұмыс істеуге көшу адамдардың күн тәртібін бұзды. Егер сіз үйден жұмыс істесеңіз, күн тәртібін сақтауға тырысыңыз:

  • Бір уақытта тұрып, ұйықтаңыз;
  • Таңғы, түскі және кешкі асыңызды үстелде ішіңіз! Зиянды тамақтардан аулақ болыңыз!;
  • Сіз жалғыз тұрсаңыз, достарыңызбен және жақындарыңызбен сөйлесуді ұмытпаңыз. Олармен бейне қоңырау арқылы сөйлесуді жоспарлаңыз;
  • Сіз локдаунда отбасыңызбен бірге болсаңыз, онда бос уақытты қалай өткізу жөнінде жоспар құрыңыз: караоке, үстел ойындары, би, кітап оқу немесе кино көру;
  • Жалғыз тұрсаңыз, онда бейне қоңырау сеанстарымен қатар басқа адамдармен сөйлесуді ұмытпаңыз! Әлеуметтік шеңберді құрыңыз. Ол 5-6 адамнан тұрады. Олар шеңберден шықпай-ақ бір-бірімен кездесіп, сөйлесе алады.
Екінші толқынның алдында не істеу керек?

Барлық созылмалы ауруыңызды бақылауға алыңыз. Егер сіз емханада терапевтке тіркелмесеңіз, онда қазір тіркеліңіз. Статистикаға сәйкес, коронавирустың ауыр түрімен ауырғандардың басым бөлігі созылмалы ауруы бар адамдар. Егер сіз емханада есепте тұрсаңыз, онда өзіңіздің дәрігеріңізге хабарласып, кеңес алыңыз.

Дәріханадан не сатып алу керек?

Сіз негізгі терапияны қабылдап, өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, емделуді тоқтатпаңыз. Сонымен қатар, үйдегі дәрі қорабын тексеріп, оны дайындаңыз. Тек бәрін жаппай сатып алмаңыз. Дәріні өзіңіз және отбасыңыз үшін сатып алыңыз:

  • Парацетамол немесе ибупрофен;
  • тамақтың ауырғанын немесе жыбырлағанын басатын дәрі;
  • мұрынды шаюға арналған тұз ерітіндісі;
  • термометр немесе градусник алаңыз. Егер мүмкіндік болса, пульсоксиметр алыңыз;
  • сондай-ақ, ішек ауруына да дайын болғаныңыз жөн. Жүрек айнуына қарсы дәрі-дәрмектерді - метоклопрамид немесе ондансетрон сатып алыңыз (Назар аударыңыз, дәрі-дәрмектерді қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек!).

Әрбір дәріге арналған нұсқаулықты оқып шығыңыз, сізге және отбасыңызға сәйкес келетін дозаны белгілеңіз, әрі басқа дәрі-дәрмектерге қарсы көрсетілімдерді мұқият оқып шығыңыз!

Иммунитетті қалай көтеруге болады?

Өкінішке қарай, иммунитетті көтеру қиын. Бірақ сіз оған тиімді жұмыс істеуге көмектесе аласыз. Көптеген адам үшін иммунитет көтерудің жолы - дұрыс тамақтану, жаттығу және ұйықтау.

Фаст-фуд, майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды тұтынуды азайтыңыз!

Спортпен шұғылдану жаныңды қинап жүгіру немесе жаттығу жасау емес. Ең бастысы - күн сайын 10-15 минут жаттығу жасаңыз.

Түнде ұйықтау өте маңызды. Ересек адамға күніне қанша сағат ұйықтау керегін айту қиын. Бұл - жеке мәселе. Демалу үшін ұйықтау қажет. Адам 6-8 сағат ұйықтауы керек.

MedSupportKZ еріктілері деген кімдер?

MedSupportKZ - 95 жастағы қазақстандық ғалымның жобасы. Олар отандық университеттерде де, шетелде де жұмыс істейді. Мамандар дәрігерлер үшін маңызды зерттеулерді аударуға, қазақстандықтарға жадынамалар дайындауға және дәрілер туралы танымал мифтерді әшкерелеуге көмектеседі. Оны Instagram және Telegram желілерінен біле аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети