30 қаңтар 2018 09:40

Күндізгі ұйқы мен қауіпті дерт арасында байланыс бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bernardinai.lt © bernardinai.lt

Вашингтон университетінің ғалымдары күндізгі уақытта ұйқысы келетін адамдардың Альцгеймер ауруына жиірек шалдығады деген тұжырымға келіп отыр, - деп хабарлайды MedPage Today.


Вашингтон университетінің ғалымдары күндізгі уақытта ұйқысы келетін адамдардың Альцгеймер ауруына жиірек шалдығады деген тұжырымға келіп отыр, - деп хабарлайды MedPage Today.

Ғалымдар зерттеуіне орташа жасы 66 шамасындағы 189 адам қатысқан. 

Ғалымдар зерттеуге қатысушылардың биологиялық белсенділігін екі апта бойы бақылаған. Сонымен қатар, бета-амилоидтарды (Альцгеймер ауруын қоздыратын пептидтер) анықтау үшін магниттік резонанстық томография арқылы олардың бас миы суретке түсірілді. 

Дәрігерлер мидың жұмысын нашарлата алатын амилоидты шытыралары бар адамдар түнгі ұйқыcы мазасыз болғандықтан, күндіз маужырап жүретініне көз жеткізді. 

"Зерттеуіміз бойынша Альцгеймер ауруының бастапқы кезеңіне шалдыққандар түнде белсенділік танытып, күндізгі уақытта пассив болады", - дейді зерттеушілердің бірі Йо Эль Ю.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети