Күйзелістен сақтанудың оңай жолы табылды

26 Сәуір 2018, 10:03
0
© tucucu.com
© tucucu.com

Халықаралық ғалымдар тобы физикалық жаттығулар күйзелістің алдын алатынын анықтады. 

EurekAlert порталының мәліметінше, ғалымдар психикасы сау 266 939 адам қатысқан 49 когортты зерттеудің қорытындысына сараптама жасаған. Сауалнама толтырғандардың 47 пайызы ер адамдар болған. Бұл мониторингтің орташа уақыты 7,4 жыл. Зерттеу барысында дене салмағы, зиянды әдеттердің болуы мен физикалық жалпы жағдайы есепке алыныпты. 

Зерттеушілер физикалық түрде белсенді адамдарда күйзелістің пайда болу қаупі төмен екенін байқаған. Сонымен бірге, бұл жағдайда адамның жасы мен қай елде тұратындығы маңызды емес екен. 

"Бұл физикалық белсендік адамдарды депрессияның дамуынан қорғайтынын дәлелдейтін алғашқы жаһандық метасараптама", - дейді еңбектің жетекші авторы, профессор Фелипе Баррето Шуч.

Ғалымдардың пайымынша, зерттеу салауатты өмір салтын дәріптеуге септеседі. Мамандар ары қарай қандай спорт түрі депрессияның дамуынан қалай сақтайтынын және қажетті жаттығу мөлшерін анықтамақ. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай