03 желтоқсан 2018 18:13

Қытай ғалымдары суықтың адам денсаулығына қаупін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қытай ғалымдары суықтың адам өліміне әсерін анықтады, - деп хабарлады Life.ru.


Қытай ғалымдары суықтың адам өліміне әсерін анықтады, - деп хабарлады Life.ru.

Порталдың мәліметінше, Қытайдағы аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары адам өліміне алып келетін бірден-бір табиғи фактордың суық ауа райы екенін хабарлаған.

Ғалымдар төмен ауа температурасы мен адам өмірінің арасындағы байланысты ғылыми зерттеу арқылы анықтаған. Ол үшін ғалымдар елде қайтыс болған 1,8 миллионнан аса адамның өлімін зерттеген. Зерттеу нәтижесінде сол адамдардың көбінің қайтыс болуы суықпен байланысты болып шықты.

"Суық жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етіп, адамның дербес жүйке жүйесіне өзгеріс әкеледі, қан қысымына әсер етіп, асқыну процессіне әкеп соғады", - деп келтірді ғалымдардың бірінің сөзін China Daily басылымы.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, суық тигеннен кейін ауырып қалу қаупі екі аптаға дейін сақталады.

Сонымен қатар, мамандар әсіресе балалар, әйелдер мен 75 жастан асқан адамдар үшін суықта жүрудің қауіпті екенін анықтады, себебі олар суықтан келетін қауіпке тым бейім болады. Адам үшін ең жақсы температура - 22,8 градус. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай температурада ауырып қалу қаупі тым төмен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети