07 шілде 2022 09:01

Маман егде адамдарға пайдалы көкөністерді атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диетолог Молли Хембри 50 жастан асқан адамдардың күнделікті ас мәзірінде брокколи, шпинат, қырыққабат және роман салаттары болуы керек деп санайды, - деп хабарлайды Gazeta.


Диетолог Молли Хембри 50 жастан асқан адамдардың күнделікті ас мәзірінде брокколи, шпинат, қырыққабат және роман салаттары болуы керек деп санайды, - деп хабарлайды Gazeta.

Диетологтың айтуынша, бұл көкөністерді жеу жас келген сайын пайда болатын созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Ол ас мәзірінде алдымен шпинат болуы керек деп кеңес берді.

"Шпинатта А дәрумені, лютеин және зеаксантин бар. Бұлар көру қабілетіне жақсы әсер етеді. Шпинатты күнделікті қолдану арқылы жасқа байланысты көз ауруларының алдын алуға болады", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, ол сүйектерді нығайту үшін қырыққабат көбірек жеуге кеңес берді, өйткені оның құрамында кальций мен D витамині көп.

Дәрігердің айтуынша, роман салатында А дәрумені мен калий көп және калориясы аз.

"Бір кесе роман салатында 10-нан аз калория бар. Бұл салмақты сақтау үшін жақсы, өйткені 50 жастан кейін артық салмақтан құтылу қиын", - деп түсіндірді ол.

Ал буын ауруларымен ауыратын адамдар брокколи көп пайдалану керек деді. Брокколи құрамында шеміршектің ыдырауын болдырмайтын, буындарды қорғайтын глюкозинолат бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети