19 наурыз 2018 10:59

Мамандар артық салмақтың пайдалы тұстарын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Medic.ua Иллюстрациялық сурет © Medic.ua

Канаданың Монреаль университетінің ғалымдары салмақ артқан сайын ағзадан артық майды кетіруге жауапты нейропилин-1 қабыну ақуызы іске қосылатынын дәлелдеді. Бұл үдеріс метаболизмді семірудің сау түріне ықпал етеді екен, мұндай жағдайда жүрек қан-тамыры жүйесіне қиындық туындамайды. Бұл туралы MedicalXpress сайтында жарияланған баспасөз баянында айтылған. 

Адам ағзасындағы майлар арнайы тіндерде триглицерид және холестериннің эфирлері түрінде сақталады, олар адипоцит жасушаларынан тұрады. Тамақтың құнарлығына сай адипоциттер майды қуаттың қосымша түрі ретінде қолданады немесе оны жинайды. Триглицеридтер мен холестерин шамадан тыс жиналғанда қабыну факторлары іске қосылып, қан тамырларын бүлдіреді және жүрек қан-тамыры жүйесінің қызметін нашарлатады. 

Май тіндерінде иммунды жүйенің өзгеше жасушалары -  нейропилин-1 (оңды макрофагтар) жиналады екен. Олар артық майларың жойылып, кері әсерден құтылу үшін оны ағзаға таратуға ықпал етеді. Тышқандарға жасалған тәжірибе макрофагтардың кеміргіштердің ағзасында таралуы қандағы қант мөлшерін бақылауды қалпына келтіретіні анықталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети