11 тамыз 2022 11:37

Маусымдық аллергиямен қалай күресуге болады? ДСМ кеңесі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі жиі кездесетін маусымдық аллергиямен қалай күресуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі жиі кездесетін маусымдық аллергиямен қалай күресуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маусымдық аллергиялық ринит пен демікпе қазақстандықтардың шамамен 25-35 пайызында кездеседі. Аллергиялық ринит симптомдары мен демікпенің өршуі өсімдіктердің гүлдену кезеңіне сәйкес келеді.

  • сәуірден мамырдың аяғына дейін - аққайың, қайың, терек, еменнің гүлденуі;
  • Маусым және шілде айының ортасына дейін - дәнді дақылдардың гүлденуі: көгал және шалғынды шөптер, қара бидай және басқалары;
  • шілдеден қазан айының басына дейін, жусанның, қызылшаның, қалақайдың және басқа да арамшөптердің гүлдену уақыты.

Осымен қатар ринит белгілері әртүрлі спецификалық емес факторлардың әсерінен пайда болып, күшеюі мүмкін. 

Ауру орташа деңгейде болғанда ұйқы бұзылады. Ол жұмыста, мектепте немесе спортта белсенділікті қиындатады. Ауру кезінде ауыр жөтел, тыныс алудың қиындықтары секілді белгілер болады. 

Алдын алу

Алдын алудың ең жақсысы - тозаңмен жанасудан аулақ болу.

  • Ыстық немесе желді күні сыртқа шықпауға тырысу керек. Далаға шығатын ең қолайлы ауа райы жаңбырдан кейін, жаңбыр ауаны тозаңдардан тазартады.
  • Үйге кіргенде сыртта киген киімді бірден шешіп, суға түсу керек. Осылайша, дене мен шашқа қонған тозаңдарды жоюға болады.
  • Сүлгі мен төсек жаймаларын сыртқа жаюға болмайды.
  • Түнде есік-терезені жауып ұйықтау керек.
  • Ауада өсімдік тозаңы ең көп болатын кез таңертең сыртта жұмыс істемеу керек.
  • Үй бөлмесіндегі ауаны таза ұстаған жөн. Едендерді жуып, тазартып отыру керек.
  • Көлік пен үйде ауа кондиционерін қосып қоюға болады.
  • Көп сұйықтық ішу қажет. Су, шырын немесе өзге де сусындар мұрын бітелгенін жеңілдетеді. Шай, сорпа немесе жылы сұйықтықтар одан да жақсы әрекет етеді.
  • Үй ішіндегі аллергендерді жою үшін химиялық тазартқыштардан гөрі сірке суы немесе ас содасын қолданған жөн. Химиялық заттар мұрын жолдарын тітіркендіріп, симптомдарды күшейтуі мүмкін.

Емдеу

Дәрілік терапияны дәрігер-педиатр тағайындайды. 

Қазақстанда аллергияны диагностикалаудың барлық түрлері тегін медициналық көмек тізіміне енгізілген. Олар себеп-салдарлық аллергенді және аллергенге тән иммунотерапия мүмкіндігін анықтау үшін қолданылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети