Қазақстанда медициналық қызмет сапасына қатысты жыл сайын 10 мыңға жуық арыз-шағым қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстаннның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова "Медициналық ұйымдардың ішкі бақылау қызметін жетілдіру мәселелері туралы" тақырыбында өткен селекторлық кеңесте мәлімдеді.

"Медициналық қызмет сапасының негізгі индикаторының бірі - тұрғындардың арыз-шағымы. Жыл сайын жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде сенім телефондарына және министрдің блогына келіп түскен 10 мыңға тарта үндеу қаралады", - делінген хабарламада.
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мәліметінше, медициналық ұйымдарға жүргізілген тексерулер нәтижесінде шағымдардың тек 30 пайызы негізді екені анықталған. Соңғы 5 жылда негізгі арыз-шағымдар көрсеткіші 33 пайызға азайған, яғни 2014 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 3,2-ге тең болды. Айта кетейік, 2009 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 4,8 болған.
Айта кетейік, 2009 жылдан бері бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық қызметтер сапасын үздіксіз басқарудың көпқұрамды жүйесі әзірленді. Сонымен қатар, оған медициналық ұйымдардың ішкі бақылау жүйесі, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама институты, медициналық ұйымдарды аккредиттеу және медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау енгізілген болатын.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова аймақтарда медициналық қызметтің сапасы төмендеп бара жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ, ол білікті дәрігерлердің тапшылығы да медициналық қызмет сапасына кері ықпал ететінін айтып, "елде медициналық жоғары оқу орнын бітірген мамандарды жұмысқа орналастыру ісін қатаң бақылауға алу қажет", - деді.