20 қыркүйек 2014 15:00

Аймақтарда медициналық қызметтің сапасы төмендеп барады - Әбдіқалықова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  healthbynature.net Фото healthbynature.net

 Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс барысымен Алматыға келді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


 Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс барысымен Алматыға келді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


Онымен бірге делегация құрамына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дуйсенова да енген. 
Жұмыс сапары барысында Гүлшара Әбдіқалықова қалалық  №3 емханаға, Радиология және онкология ғылыми-зерттеу институтына, қалалық №7 клиникалық емдеу ауруханасына баруды жоспарлаған. 


Еске салайық, бұдан бұрын Үкімет басшысының орынбасары медициналық көмек алу үшін жергілікті дәрігерлерге сенбей, Алматыға қарай ағылатын Алматы облысының тұрғындарымен кездескен болатын.
Артынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов аймақтағы ауруханалардың бас дәрігерлерімен қатаң сөйлесетінін айтқан болатын.


Алматыға келген жұмыс сапары барысында Әбдіқалықова - Алматының дәрігерлерін жоғары білікті мамандар деп санайтынын айтты.
Сондай-ақ ол "қалада халық көп қоныстанғанымен, аймақтардан келетіндердің саны көбейгенімен медициналық қызмет көрсетудің сапасын төмендеп барады" деді.
Бұған қоса ол - Алматыда ана мен бала өлімі, құрт ауруы және жалпы өлім-жітім санының артуы өзекті мәселе болып отырғанын баса айтты.
Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, бұл мәселелер жалпы республика бойынша өткір болып отыр. 
Делегация басшысы, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажеттігін, қалалық медициналық ұйымдар арасында бәсекеге қабілеттілікті күшейту керектігін де сөз етті.
Әбдіхалықова сондай-ақ білікті дәрігерлердің тапшылығы да медициналық қызмет сапасына кері ықпал ететінін айта келе "елде медициналық Жоғары оқу орнын бітірген мамандарды жұмысқа орналастыру ісін қатаң бақылауға алу қажет" деді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети