11 сәуір 2014 21:53

Министрлік "Актовегин" препаратын егуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото zdorovje.ru сайтынан алынды Фото zdorovje.ru сайтынан алынды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбеде үш әйелдің өліміне себепші болған "Актовегин" препаратын тұрғындарға егуге тыйым салды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Препаратты егуді тоқтату туралы бұйырыққа 9 сәуірде ҚР Денсаулық министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Руслан Нұрмұханов қол қойған.

Препаратты қолдануға комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хаты себеп болған екен. Онда әлгі препараттың адам денсаулығына кері әсер еткендігі көрсетілген. ҚР Денсаулық министрлігінің бұйрығына сәйкес актовегин препаратының үлгілері дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығына жіберілуі керектігі де айтылған.

Еске саламыз, 2014 жылы наурыз айында Ақтөбе қаласындағы №3 ауруханада үш әйел актовегин препаратын тамырға қабылдағаннан кейін қайтыс болған еді. Ал төртінші науқас бірнеше күнге жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ол әйел ем қабылдау үстінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети