27 наурыз 2014 17:23

Науқас сәбиді ауруханаға әскери техникамен жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоны шекара қызметінің баспасөз-қызметі ұсынды Фотоны шекара қызметінің баспасөз-қызметі ұсынды

Қостанай облысында шекарашылар науқас екі жасар баланы Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпарат бойынша Келмұхамбетовтер отбасында екі жасар бала ауырып қалған. Ата-анасы оны үш күн бойы ауруханаға жеткізе алмады. Себебі қатты бораннан кейін жолды қар басып қалған. Содан шекарашылар көмекке келді. Олар "МТЛБ" атты көпмақсатты тартқыш машинамен келіп, баланы аудандық ауруханаға жеткізді. Сосын шекарашылар электр стансасының қызметкерлерін тағы бір ауылға апарып, үш күн жарықсыз отырған халыққа көмектесті.

"Ол уақыттың ішінде суық тиген екі жасар Әмірге диагноз қойылып, оны Жітіқара ауруханасына жатқызуға шешім қабылданды. Қазір кішкентай бала жазылып келеді", - делінген ресми хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети