1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Невролог инсульттің басты белгілерін атады28 қыркүйек 2020, 09:16

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ресейлік невролог, ҚММУ неврология және нейрохирургия кафедрасының доценті Рүстем Гайфутдинов инсульттің басты ерекше белгілер атады , - деп хабарлайды URA.ru.

Ол мидың сезімтал екенін және оның қалпына келу қабілеті өте шектеулі екенін атап өтті, сондықтан инсульттің алдын алуға назар аудару керек дейді. Бет асимметриясы, сөйлеудің бұзылуы бұзылуы инсульттің басты белгілері екен.

Микроинсульттің белгілері:

  • Жоғары қан қысымы, гипертониялық криз;
  • Беттің, тілдің, қолдың ұйып қалуы;
  • Қол әлсіздігі;
  • Сөйлеудің бұзылуы;
  • Бет асимметриясының өзгеруі;
  • Көру өрістерінің жоғалуы;
  • Құсу, бас ауруы.
  • Айналмалы бас айналу;
  • Белсенділіктің төмендеуі;
  • Естен тану.

Инсульт кезінде не істеу керек?

Егер бұл белгілер 15-30 минутқа созылса, содан кейін жоғалып кетсе, бұл қайталанбайды деп ойламаңыз. Тексерістен өту керек дейді дәрігерлер. Себебі кейін ол адам нағыз инсульт алуы мүмкін дейді.

Неврологтың айтуынша, алғашқы медициналық көмек алғашқы 90 минутта көрсетілуі керек. 

Аурудың асқынуын болдырмау үшін оның алдын-алу маңызды: ағзадағы қант мөлшерін тексеріп тұру, қысым мен холестеринді бақылау, көбірек қозғалып, дұрыс тамақтану.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!