Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Омикрон белгілері байқалғанда не істеу керек? Дәрігер жауабы 20 қаңтар 2022, 14:47

Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас оториноларингологы Андрей Крюков омикрон штамынан емделу жолын ұсынды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас оториноларингологы Андрей Крюков омикрон штамынан емделу жолын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АиФ сайтына сілтеме жасап.

"Тамақтағы қабынуды жеңілдету үшін антисептикалық ерітінділерді қолданған дұрыс. Үнемі күніне төрт-бес рет тамақты шайқау керек. Ауырсыну белгілерін азайту үшін таблеткаларды немесе анестетик спрейлерді қолдануға болады, бұл өте маңызды. Оларды күніне екі-үш реттен артық емес пайдалана аласыз", - деді дәрігер.

Ол антибиотиктерді дәрігер рецептінсіз қабылдауға болмайтынын айтып, ауру кезінде де, алдын алу үшін де бөлмені үнемі желдетіп тұруға кеңес берді.

Омикрон штамы немесе B.1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Мамандардың айтуынша, вирусты аурудан жазылғандар да және екпе алған адамдар да жұқтыруы мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа штамм қазірдің өзінде 110 елде анықталған. Ол "дельта" нұсқасына қарағанда тез таралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram