24 қаңтар 2022 09:16

Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бангладеште омикрон штамын жұқтырғандардың төрттен үші (73 пайызы) мұрын бітелетініне шағымданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бас басқармасының ресми өкілі профессор Назмул Ислам мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, науқастардың 68 пайызында бас ауруы байқалды. Сондай-ақ, 64 пайызы шаршау сезімі барын айтқан. Осы штаммен ауырғандардың кем дегенде 60 пайызы түшкіру немесе тамақ ауруына, ал 44 пайызы жөтелге шағымданды.

"Бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілеріне ұқсайды", - деді маман.

Омикрон штамы немесе B. 1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды. Мамандардың айтуынша, ол ауырғандарға да, вакцина алғандарға да жұғуы мүмкін. Жаңа нұсқа 110 елде, соның ішінде Қазақстанда да анықталды. Ол алдыңғы дельта штамына қарағанда тезірек таралады.

Пандемия кезінде әлемдегі халық саны көп Бангладеште 1,7 миллионға жуық коронавирус инфекциясы анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети