Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Оңтүстік Корея медицинасынан үйренеріміз көп

05 Наурыз 2014, 12:30
0
©benefit-medic.ru
©benefit-medic.ru
Жуырда, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында кореялық мамандардың қатысуымен тәлімгерлік сабақ өткізіліп, қазақстандық мамандарға жаңа технологиялармен түрлі деңгейде ота жасау тәсілдері үйретілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, былтыр Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы АНАМ Корей университетінің госпиталі арасында бірлескен меморандумға қол қойылған болатын.

Онда медицинадағы түрлі салалар бойынша, оның ішінде бүйрек ауыстыруда Оңтүстік Кореяның жетекші мамандарының көмегімен жергілікті кадрларды оқыту мен кеңес беру, тәжірибе алмасу мақсаты көзделген еді. Тәжірибе алмасудың бұл түрі трансплантациялық қызметке қатысты - нефролог, уролог, хирург, анестезиолог-реаниматолог пен трансфузиолог сияқты 30 маманға арнайы ұйымдастырылған.

Бағдарлама аясында туысқан донордан 8 бүйрек ауыстыруға байланысты АНАМ Корей университеті медициналық орталығының трансплантология және қан тамырлары хирургия бөлімінің меңгерушісі, профессор Пак Кван Тэ лекциялық курстар өткізді. Осы 8 азаматтың біреуіне бұрын Пәкістанда ота жасалған екен. Енді оған Шымкентте бүйрегін ауыстырудың сәті түскен.

"Шымкент - бүйрек трансплантациясы операциясын жасап отырған еліміздегі үшінші қала. Бүгінде облыста 300-ден астам науқас созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы бойынша есепте тұрып, бағдарламалық диализ алуда. Осы салаға маманданған медицина қызметкерлері олардың жағдайына байланысты іріктеу жұмыстарын жүргізіп, бүйрек ауыстыру уақытын белгілейді. Былтырғы жылы бүйрек трансплантациясы жасалған 11 адамның қазір жағдайы жақсы. Олардың біразы тұрмыс құрып, бала сүйіп отыр. Жыл сайын бүйрек ауыстыру отасы бірте-бірте күрделеніп келеді. Осының алдында стандартты бүйрек ауыстыру операциялары жасалса, ендігі жағдайда хирургтар қосымша аурулары бар мейлінше проблемалы оталарды жасауға мамандануда", - дейді ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Исмайлов,

Үш жылға жоспарланған меморандум бойынша қолға алынған бүйрек трансплантациясы еліміздің азаматтары үшін тегін медициналық көмектің кепілді көлемі негізінде жүзеге асады. Өзге мемлекеттерде 30-40 мың АҚШ доллары тұратын ота бізде тегін деген сөз. Аталмыш басқарма мұндай трансплантологиялық қызметті одан әрі дамыту үшін биыл гендік жүйелердің бір-біріне сәйкестігін анықтайтын зертхана ашу да жоспарда тұр. Алдағы уақытта мұнда орган донорлығын дамыту мәселесі қолға алынбақшы. Осы кезге дейін науқастарға бұған дейін тек жақын туған-туыстары донор болып келген еді.

Жалпы, алыс-жақын шетелдерде донорлық бүйрек ауыстыру бойынша операция жасатқан 55 отандасымыз бар. Олар өмір бойы құны қымбат иммуносупресивті дәрі-дәрмектерді тегін алып, оңалтудан өтеді. Денсаулық сақтау басқармасы бұл науқастар үшін облыстық қан орталығында қандағы иммуносупресивтің концентрациясын тегін анықтауға жағдай жасап қойған. Бұрын олар осындай зерттеуге бола Алматы қаласы немесе Қытайға барып келуге мәжбүр болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай