17 сәуір 2014 15:49

Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан омырау обырынан бірінші орында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Әбілов© Фото Марат Әбілов©

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан омырау обырынан бірінші орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан маммологтар ассоциациясы мен "Омырау обырына жол жоқ" қозғалысының президенті Раушан Рақымжановаға сілтеме жасай отырып. 


Орталық Азия елдері арасында Қазақстан омырау обырынан бірінші орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан маммологтар ассоциациясы мен "Омырау обырына жол жоқ" қозғалысының президенті Раушан Рақымжановаға сілтеме жасай отырып. 

"Қазақстан сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандар саны бойынша Орталық Азия елдері ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігінің этникалық ерекшелігі туралы ешкім атап көрсетпейді. Өйткені онкология институтында қатерлі ісіктің этникалық ерекшелікке қатысы жоқ екені дәлелденген. Бұл туралы мен де өз докторлық диссертациямда жаздым", - дейді Рақымжанова ҚР Парламент Мәжілісі мен "Нұр Отан" фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде. Осы отырыста еліміздегі қатерлі ісікке шалдыққандарға көмек көрсету туралы 2012-2016 жылдарға арналған бағдарлама талқыланған болатын.

Рақымжанованың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда сүт безі қатерлі ісігіне жастардың шалдығып жатқаны көпшілікті алаңдатады. "Ресейде де, бізде де соңғы 10 жылда 15 пен 39 жас аралығындағы қыз-келіншектердің омырау обырымен ауыруы 3-4 пайызға өскен. Ал басқа да қатерсіз ісік деп саналатын патологиялық аурулары бар әйелдердің саны қатерлі ісікке шалдыққандардан 25-30 есеге көп", - дейді маммолог.

Рақымжанова біздің елімізде дәл қазір жастардың денсаулығына көңіл бөлу қажеттігін баса айтты. "Қазір бізге 30-40 жастағы азаматтадың денсаулығын сақтау керек. Репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын жақсартатын болсақ, біздің елімізде азаматтардың орта жасы 80-90-ға жетеді", - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, еліміз бойынша қатерлі ісікке шалдыққандар саны күн санап өсуде. 2013 жылғы алдын ала көрсеткіш бойынша 100 адамға шаққанда  194,1 (2012 жылы 100 адамға шаққанда 190,6) адамды құраған. Әсіресе қатерлі ісік ауруларының ішінде омырау обыры көш бастап тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети