1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Ресейлік дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын айтты20 тамыз 2020, 13:19

© РИА Новости © РИА Новости

Күзде Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина салына бастауы мүмкін. Инъекция алдында не істеуге болады және не істеуге болмайды? Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, иммунолог Владислав Жемчугов Sputnik радиосына берген сұхбатында айтып берді, - деп жазады РИА Новости.

Дәрігер ешқандай жағдайда вакцинацияны науқас адамдарға жасауға болмайтынын айтады. Егер дене температурасы 37 градустан асып кетсе, онда вакцина салынбайды.

Сондай-ақ, бір күн бұрын алкоголь ішкен адамдарға да инъекция болмайды дейді.

Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?

"Вакцина алу алдында алкоголь ішуге болмайды. Вакцина алкогольге әсер етуі мүмкін, жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Менің ойымша, вакцинадан он-он екі сағат бұрын немесе тіпті бір күн бұрын ішудің қажеті жоқ", - деді иммунолог.

Еске салайық, 146 миллионнан аса халқы бар Ресей Федерациясын COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде 4-орында тұр. Елде жалпы коронавирус жұқтырған 932 мыңнан аса адам анықталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!